Əйелдер қауымына ескерту... Арыңды сақта, Бақытты шақта бойжеткен, Суретің сенің əдемі болсын ой неткен! Қаралған көздер, əуретіңе тамсанса, Күнəхар адам, зинаға қарай ой кеткен... Айырмай жүрсің, Жақсымен өңкей жаманның, Адамның емес, тірлігін жасап наданның... Харамды сүйіп, халалды естен шығарып, Арамға еріп, қадірін білмей адалдың... Иманды тастап, Аллаға қарсы келесің, Қарындас айтшы шайтанға неге ересің?! Елшіге емес, емшіге еріп тəуіпке, Бақсылар менен балгерге қатты сенерсің... Жайылып шашың, Қысқарды көйлек, жалаң бұт, Жаратты Аллаһ, мал емес сені адам ғып... Желілер толған, ашықтан-шашық суретің, Күнəға əбден батырды бұл бір сараңдық... Ұяттан безіп, Тəніңді саттың теңгеге, Қазақтың қызы, бұзылдың мұнша сен неге?! Алаңсыз кезің, азапқа көмер бір күні, Тыныштық бермей, қабірде қинар көрдеде... Қарындас ойлан, Аллаға орал тəубеңе, Абайлар айтқан:"Əсемпаз болма əрнеге" Алланың берген түріне бояу жақпашы, Түріңе тиспе, өзгертпе оны сəндеме... Иманға орал, Намазға жығыл, əй адам, Намаз хан болсын, түзелсін қоғам, айналам... Ақырет күні, алғашқы намаз сұралар, Тақуа жандар, намазбен ғана жайнаған.... Ескерту парыз, Қылмаңыз арыз біздерге, Алланың дінін, ескерттік талай сіздерге... Домалақ баста, тауықтай егер ми болса, Шығайық жұртым, Алланың жолын іздеуге.... Барлығын айтты, Раббымыз бізге құранда, Қиямет күні, алады бізді сұрауға... Раббымыз бізді, рахымға бөлеп кешірсін, Жар болса екен, баршамызға, бір Аллаһ... (С) Қазақ Баласы

Теги других блогов: әдебиет дін қазақ баласы